
ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР МЕН САЛА АРДАГЕРЛЕРІ!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – халықтың әл-ауқатын арттыруға, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға бағытталған жауапты әрі маңызды қызмет саласы. Мемлекеттік қызметші – халықтың сенімін арқалап, мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын, ел дамуына жауапты тұлға.
Қай кезеңде болмасын мемлекеттік қызметтің мәні мен маңызы ерекше. Өйткені мемлекеттің тұрақты дамуы, қоғамдық келісім мен ел бірлігінің нығаюы, азаматтардың әл-ауқатының артуы мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігіне, адалдығы мен жауапкершілігіне тікелей байланысты.
Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде еңбек етіп жүрген азаматтар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына және халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға лайықты үлес қосып келеді. Мемлекет мүддесін бәрінен биік қойып, ел игілігі жолында аянбай еңбек ету – үлкен абырой әрі зор жауапкершілік.
Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне, өңіріміздің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосып жүрген барлық мемлекеттік қызметшілер мен сала ардагерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін.
Осы мерекелі күні баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңіз әрдайым жемісті болсын! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Бурабай аудандық мәслихатының
төрағасы М. Нұрпанова