
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіс халықтың жадында, елдің тарихында айрықша орын алады.
Бұл Жеңіс – бейбітшілік сүйгіш бүкіл адамзат қауымының, фашизмді талқандаған бүкіл кеңес халқының, соның ішінде әрбір төртінші азаматын соғысқа аттандырған қазақстандықтардың мерекесі.
Ұлы Жеңіс мерекесі – бұл батылдық пен ерліктің символы болып қала бермек. Ендігі жерде халықтың бірлігін сақтап, Отанымызда ынтымақ пен татулықты одан әрі нығайта түсу – біздің басты парызымыз.
Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!
Мереке құтты болсын!
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова