Меню
Страницы

Отан қорғаушылар күнімен!

Отан қорғаушылар күнімен!

Құрметті жерлестер!

 Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Отанына адал қызмет ету әрбір азаматтың қасиетті борышы. Әрбір ер азамат қорғаушы болып жаратылған. Өз Отанын, өз шаңырағын, өз отбасын қорғайды. Сондықтан, құрметті ер азаматтар, әрқашанда өз отбасыларыңызға тіреу, пана болып, шаңырақ астынан ешқашан ынтымақ пен береке қашпасын!

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз. Отанына адал қызмет ету әрбір азаматтың қасиетті борышына, абыройлы ісіне айналсын. Тәуелсіз Қазақстан халқының және оның Қарулы Күштерінің абыройы мен даңқы арта берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Мереке құтты болсын!

 

Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты