«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-шы бабына сәйкес 2026 жылғы 18 ақпанда, сағат 15.00-де аудан әкімдігінің кіші залында, сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың XLІ (кезектен тыс) сессиясы шақырылады. Сессияның күн тәртібі:
1. Бурабай аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»;
2. Бурабай аудандық мәслихатының «Бурабай ауданын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.