
Құрметті Бурабай ауданының тұрғындары!
Сіздерді келе жатқан 2026 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – өткен кезеңге қорытынды жасалып, алдағы мақсаттар мен міндеттер айқындалатын маңызды белес. Өткен жыл өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етіп, бірқатар маңызды бастамалар мен жобалардың табысты жүзеге асуымен ерекшеленді.
Келер 2026 жылы да ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жалғасын табады деп сенемін. Бірлік пен ынтымақ, жауапкершілік пен өзара түсіністік – ортақ табыстарымыздың берік негізі.
Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық пен тұрақтылық тілеймін. Жаңа жыл әр шаңыраққа береке әкеліп, ауданымыз үшін нәтижелі әрі игілікті жыл болсын!
Жаңа жыл құтты болсын!
Бурабай аудандық мәслихатының төрағасы М.Нұрпанова