
Бүгін Буландын аудандық мәслихатының депутаттары тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай мерекелік медаль мен куәліктерді табыстады. Бұл марапаттар Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан тылдағы ерен еңбектері үшін берілді.
Әр ардагерге алғыс айтылып, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілектерін білдірілді. Бұл кездесулер – ардагерлерге деген шынайы құрмет пен қамқорлықтың белгісі.