
Бүгін Қоғамдық кеңестің отырысында салтанатты бөлім өтті, онда 2022-2025 жылдар кезеңінде атқарған жұмыстары үшін бұрынғы Қоғамдық кеңес құрамына алғыстарын білдірді.
Аудандық мәслихат төрағасы белсенді азаматтық ұстанымы мен ауданның дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен алғысын білдірді.
Аудандық мәслихат төрағасының атынан Қоғамдық кеңес мүшелеріне: Даирова Қалимаш Егінбайқызына, Исмағамбетов Бағдат Мұсаұлына, Франко Сергей Ивановичке және Совгуть Нина Александровнаға жемісті қызметі үшін алғыс хат табыс етілді.