Бүгін Бұланды ауданына жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айна Ермекқызы Мусралимова келді. Сапар барысында Қараөзек ауылына барып, су құбыры желілерінің жұмыс барысымен танысты. Бұл нысан «AMANAT» партиясының Бұланды ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіштерінің тізіміне енді. Қазіргі уақытта сорғы станцияларының жабдықтарын жинақтау және орнату жұмыстары жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру тамыз айында жоспарлануда. Нысанды тапсыру кезінде барлық әлеуметтік нысандар, сондай-ақ Қараөзек ауылындағы 254 аула ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, сапар барысында Қараөзек ауылының жалпы білім беретін орта мектебінің ғимаратына барды. Мердігер «Град Строй Сервис» ЖШС болып табылады. Пайдалануға беру мерзімі ағымдағы жылдың 20 тамызы.