Сегізінші шақырылымдағы Бұланды аудандық мәслихатының кезектен тыс 40-шы сессиясы

Сегізінші шақырылымдағы Бұланды аудандық мәслихатының кезектен тыс 40-шы сессиясы

Бұланды аудандық мәслихатының кезектен тыс 40-сессиясы өтті

Бүгін аудандық мәслихатта Н.Б. Сексеновтың төрағалығымен кезектен тыс 40-сессия өтіп, онда бірқатар әлеуметтік маңызды мәселелер қаралды. Сессия жұмысына депутаттар, бөлім басшылары және аудан әкімі аппаратының өкілдері қатысты.

​Күн тәртібіндегі негізгі мәселелер:

​Жайылымдарды ұтымды пайдалану. Депутаттар Бұланды ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жоспарды бекітуге ерекше назар аударды. Негізгі баяндаманы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ә.М. Қабдулов жасады. Жоспар жердің тозуын болдырмауға және жергілікті халықтың жайылымға деген қажеттілігін өтеуге бағытталған.

​            Аудандық жер комиссиясын құру туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы А.М. Данияров хабардар етті.

​            Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия құру шеңберінде қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Баяндамашы — аудан әкімдігі жанындағы жұмылдыру дайындығы және АҚ бөлімінің басшысы Т.Қ. Оразбаев.

​            ​Аудан әкімі аппаратының басшысы С.А. Аяпбергенова депутаттарға әкімдік жанындағы негізгі комиссиялардың құрамына енгізілген өзгерістерді таныстырды:

​- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі;

​- Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі;

​- Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар.

​Бұл өзгерістер кадрлық ротацияларға және мемлекеттік функцияларды тиімдірек орындау үшін комиссиялар жұмысын өзектендіру қажеттілігіне байланысты жасалды.

​Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады. Қабылданған нормативтік-құқықтық актілер заңда белгіленген тәртіппен жарияланады және тіркеу ережелеріне сәйкес өз күшіне енеді.