Бұланды аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысы

Бұланды аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының отырысы

Бұланды аудандық мәслихаты тұрақты комиссиялары отырысының қорытындысы

Бүгін тұрақты комиссиялардың отырысында Бұланды аудандық мәслихатының депутаттары күн тәртібіндегі бірқатар түйінді мәселелерді қарады:

​            Қараөзек ауылдық округі әкімінің есебі: Ә. Т. Молдаспаев 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын таныстырып, округті дамытудың жалпы бағыттарын белгіледі.

​            Қаланы жылумен қамту шығындары туралы: «Макинск жылу» ШЖҚ-дағы МКК директорының м.а. Е. С. Жақсылықов есеп берді. Ол өз баяндамасында БМК-1, БМК-2 және Тас карьері қазандықтарындағы 2025 жылғы жөндеу жұмыстарын қаржыландыру бойынша мәліметтерді келтірді. Депутаттар 2025 жылғы жылыту маусымын өткізуге бөлінген бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуына талдау жасады.

​            Жалғызбасты қарттар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға қызмет көрсету мәселелері қаралды. КММ басшылары М. К. Исмағамбетов пен Д. К. Рахметова депутаттарға мекемелер жұмысының негізгі міндеттері мен бағыттарын түсіндірді. Баяндамалар қызметтің оң нәтижелері көрсетілген көрнекі мысалдармен (кейстермен) және презентациямен сүйемелденді.

​            Талқылау барысында депутаттар бюджет қаражатын бөлуге және әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуына қатысты нақтылаушы сұрақтар қойды. Ағымдағы жылға арналған жоспарлаудың сапасына ерекше көңіл бөлінді.

​Мұндай кездесулер атқарушы билік жұмысының ашықтығын қамтамасыз етеді және тұрғындардың шынайы мұқтаждықтарына сүйене отырып, ауданның даму бағытын түзетуге мүмкіндік береді.