
Бүгін, 2026 жылғы 5 ақпанда Бұланды аудандық мәслихатының кезектен тыс 38 сессиясы өтті. Күн тәртібінде жедел шешімді талап ететін үш өзекті мәселе тұрды. Алғашқы екі мәселе учаскелік және округтік сайлау комиссиялары құрамындағы кадрлық өзгерістерге қатысты болды. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б. А. Сыздықова баяндама жасады. Бибігүл Айтжанқызы туындаған бос орындарға байланысты және аудандық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде Бұланды ауданының учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу қажеттігін түсіндірді. Барлық жаңа үміткерлер қатаң іріктеу рәсімінен өтті және ҚР заңнамасының талаптарына толық сәйкес келеді.
Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ әлеуметтік қорғау саласына қатысты болды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. У. Жақыпбеков тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешімге өзгерістер жобасын ұсынды. Бұланды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 мамырдағы № 8С-19/15 шешіміне жаңа тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкестендіру үшін түзетулер енгізілуді. Бұл Бұланды ауданының тұрғындары үшін төлем тәртібін және олардың мөлшерін өзектендіруге мүмкіндік береді.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша шешімдерді бірауыздан қолдап, бекітті.