
Бұланды ауданының учаскелік және округтік комиссияларда бос жұмыс орындарының пайда болуына байланысты олардың құрамын өзектендіру қажеттілігі туындады. Депутаттар тұрақты комиссияның отырысында комиссиялардың қызметін заңнамаға толық сәйкестендіру үшін мәслихаттың тиісті шешімдеріне енгізілген өзгерістері қарастырылды.
Маңызды келесі мәселелердің бірі Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін анықтау болды. Осы мәселе бойынша баяндамамен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. У. Жақыпбеков түсініктеме берді.
Отырыс қорытындысы бойынша мәслихат сессиясының бекітуіне шығарылатын мәселелердің тізбесі қалыптастырылды.