
Бұланды аудандық мәслихатының 37-ші кезектен тыс сессиясы өтті. Онда депутаттар алдағы үш жылға арналған өңіріміздің қаржылық болашағына қатысты ең маңызды мәселелердің бірін қарастырды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе — Макинск қаласы мен ауылдық округтердің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттерін талқылау және бекіту болды.
Алдын ала тұрақты комиссия отырысында депутаттар ұсынылған жоспар жобаларын жан-жақты талдады. Ерекше назар келесі бағыттарға аударылды әлеуметтік міндеттемелерге:
- халықтың осал топтарын қолдау және инфрақұрылымды дамыту;
- көше жарықтандыру, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеу, ауызсу жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Шығындардың басым бағыттарын талқылап, нақтылағаннан кейін, халық қалаулылары бюджеттерді бірауыздан мақұлдап, тиісті шешім қабылдады.