
Бүгін Бұланды аудандық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті 36-сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібіндегі басты мәселе – 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту болды.
Негізгі баяндама жасаған экономика және қаржы бөлімінің басшысы В.Н.Гылка алдағы үш жылға арналған қаржы құралдарын бөлу бойынша жан-жақты талдау жасап, оның негіздемесін ұсынды. Баяндамада ауданның басым бағыттарына, стратегиялық жобаларға және әлеуметтік қолдау шараларына ерекше назар аударылды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2025 жылғы атқарылған жұмыс жөнінде аудандық мәслихаттың экономика және бюджет, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Ж. Кенжегалиев есеп берді.
Сессияда қаралған барлық мәселелер депутаттардың бірауыздан қабылдаған шешімімен бекітілді.
Сессия жұмысына Бұланды ауданының әкімі А.Д. Смайылов қатысты.