
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанында өткен аудандық мәслихаттың 35 кезектен тыс сессиясында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттер есебінен аудандық бюджетке нақтылау жүргізілді. Аудандық мәслихат депутаттары бюджет шығындарының көлеміне әсер етпейтін өзгерістерді енгізу туралы, шешімді мақұлдады. Аудандық бюджетті нақтылау бойынша баяндама жасаған – экономика және қаржы бөлімінің басшысы В.Н. Гылка. Бюджеттер нақтылауы Журавлевка, Капитоновка, Никольск ауылдық округтерінде және Макинск қаласында да жүргізілді.
Мәслихат сессиясында жер комиссиясы мен терроризмге қарсы комиссия құрамына енгізілген өзгерістерге қатысты мәселелер қаралды.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 12-бабына сәйкес, Буландын аудандық мәслихатының депутаттық өкілеттік, этика және әлеуметтік сала, экология, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Алтыбаев М.Ж. 2025 жылға атқарылған жұмыс бойынша есеп берді. Депутаттар тұрақты комиссияның есебін мақұлдап, бірауыздан шешім қабылдады.
Сессия жұмысына Буландын ауданының әкімі А. Смаилов қатысты.