
Бүгін тұрақты комиссия отырысында депутаттар аудан, Макинск қаласы, Журавлевка, Никольск және Капитоновка ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау мәселелерін қарап, талқылады. Бұл – ағымдағы жылғы соңғы бюджет нақтылаулары болды. Халық қалаулылары бюджет қаражатының орындалу мерзімі мен сапасына қатысты өз ұсыныстарын айтты.
Сондай-ақ, жер комиссиясы мен терроризмге қарсы комиссия (АТК) құрамына өзгерістер енгізу мәселелері де қаралды.