Бүгін аудандық мәслихаттың отыз екінші кезектен тыс сессиясы өтті.

Бүгін аудандық мәслихаттың отыз екінші кезектен тыс сессиясы өтті.

Бүгін аудандық мәслихаттың отыз екінші кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыста Макинск қаласының, Алтынды, Ерголка, Никольск және Вознесенка ауылдық округтерінің бюджетіне өзгерістер енгізуге қатысты шешімдер қабылданды. Баяндамалармен Макинск қаласының әкімі - М.К. Кеженев және ауылдық округтердің әкімдері тыңдалды.

         Сессия барысында Бұланды ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылданды, сондай-ақ Бұланды ауданының басқару схемасы бекітілді.

         Сессия жұмысына аудан әкімі А.Д. Смайылов, облыстық мәслихат депутаты К.Т. Меңдібаева, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.