Құрметті Алексей Владимирович!
Сізді 70 жылдық тамаша мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Артыңызда талай жылдардың ізі қалды, ол жылдар жүректе бақыт пен сағыныш сезімдерін оятып, естелік болып сақталады. Алайда, даналық пен өмірлік тәжірибе – ендігі жерде мәңгі серігіңіз.
Сіздің кәсіби қызметіңіз – өз ісіне адалдықтың, жауапкершіліктің және жоғары біліктіліктің жарқын үлгісі. Аудандық мәслихатта 17 жылдық еңбегіңіз мәслихаттың дамуына және қызметін ұйымдастыруға айрықша үлес қосты. Сіздің қолдауыңызбен көптеген депутаттар уақытылы әдістемелік және құқықтық көмек алып отырды. Сіз өзіңіз де I және III шақырылымдардың депутаты бола отырып, ұстанымыңызбен және сайлаушылардың мұқтажына деген зейінділігіңізбен әріптестеріңіздің құрметіне ие болдыңыз. Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағын 14 жыл бойы басқарып, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін лайықты түрде қорғадыңыз. Сіздің еңбегіңіз, біліміңіз бен адами қасиеттеріңіз мәслихат тарихында және Сізбен бірге еңбек еткен әріптестеріңіздің жүрегінде өшпес із қалдырды.
Сізге зор денсаулық, амандық, табыс және шабытты күн тілейміз. Әрбір таңыңыз қуанышқа, жүріп өткен жолыңыз – мақтанышқа, ал ертеңгі күніңіз сенімге толы болсын!
Құрметпен:
Бұланды аудандық мәслихат аппараты