Бүгін А.Ж. Кенжеғалиевтің төрағалығымен тұрақты комиссияның отырысы өтті. Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің м.а. С.М. Жүсіпов сөз сөйледі.
Аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары медицина кадрларының тапшылығы проблемаларын шешу мәселесі бойынша тыңдалды. Қазіргі уақытта 8 маманның келуі келісілді, оның ішінде: 4 ЖПД, 1 педиатр, 1 балалар невропатологы, 1 терапевт, 1 отоларинголог. Сондай-ақ, аудан әкімдігі осы кезеңде хирург дәрігері мен невропатологты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2 пәтер сатып алды.
Макинск қаласының аумағын абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша баяндамамен қала әкімі М.К. Кеженев тыңдалды. Ағымдағы жылы абаттандыру бойынша келесі жұмыстар орындалды: скверді жөндеу, «Макинск» стелласын жөндеу, жарық конструкциясын орнату жобасы, шекараларды, ағаштарды әктеу жұмыстары, қаланы көгалдандыру жұмыстары және т.б. орындалды. Санитарлық тазарту мәселелері бойынша ағымдағы жылы «Макинск жылу» ШЖҚ МКК-мен шарт жасалды. Техникалық ерекшелік қала көшелерінен қоқысты күнделікті жинау және полигонға қоқысты шығару жұмыстарын көздейді. Стихиялық полигондарды жою бойынша жұмыстар орындалды.