Депутаттық қызметі аясында №2 сайлау округінің депутаты Қаппасов Н.Т. Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу нысанына барды.

Депутаттық қызметі аясында №2 сайлау округінің депутаты Қаппасов Н.Т. Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу нысанына барды.

Депутаттық қызметі аясында №2 сайлау округінің депутаты Қаппасов Н.Т. Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу нысанына барды. Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме – «Абсолют Строй Инвест» ЖШС өкілімен және техникалық қадағалау мамандарымен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен таныстырды. Қазіргі таңда инженерлік коммуникациялар тартылған, еденге стяжка төселген, төбелер орнатылған, жұмыстардың 75%-ы орындалған. Жөндеу жұмыстары келісімшартқа сәйкес жүргізілуде, мердігер ұйым өкілінің айтуынша, нысан белгіленген мерзімде тапсырылады.

         Сапар барысында депутат Кенесары көшесіндегі проблемалық аумақты – №59, 61, 63, 65 үйлердің жанында орналасқан табиғи су қоймасын қайта барып көрді. Аталған аумақ екі жыл қатарынан жақын орналасқан үйлерді су басып, тұрғындарға айтарлықтай қиындық тудыруда. Конькова Н.А. есімді тұрғынмен бірге суды бұру жолдарын және бұл мәселені шешу үшін атқарылуы тиіс жұмыстар көлемін қарап шықты. Аталған мәселені шешу мақсатында Макинск қаласының әкіміне қайтадан депутаттық сауал жолдау жөнінде шешім қабылданды.