Бүгін аудандық мәслихаттың төрағасы қаланы аралап, жұмыс сапарымен шықты. Сапар барысында қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан қалалық саябаққа барды. Участке басшысының айтуынша, саябақты абаттандыру жұмыстарының кестесіне сәйкес, бұл жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.
Саябақ — тұрғындардың демалып, бос уақытын өткізуіне арналған маңызды орын болып табылады және депутаттық корпус тарапынан тұрақты бақылауда болады.