Ақмола облысы әкімінің жұмыс сапары

Ақмола облысы әкімінің жұмыс сапары

Бүгін аудандық мәслихат депутаттары Ақмола облысының әкімі М.М. Ахметжановтың Бұланды ауданының Макинск қаласындағы жұмыс сапарына қатысты.

         Сапар барысында ТЖ вокзалына барды, онда «Integro Construction» ЖШС бас мердігері ғимарат пен платформаны қайта жаңартуды жүргізуде, шатырды ауыстыру, фасадты жөндеу, сондай-ақ ішкі әрлеу жоспарлануда.

         Сондай-ақ, Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің күрделі жөндеу жұмысымен танысты, Макинск қаласының Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барды.

         Сапардың маңызды нысандарының бірі тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасы аясында көппәтерлі үйлер құрылысының барысымен таныстыру болды. Жер учаскесінің жалпы ауданы 3 га, инженерлік-коммуникациялық желілер тартылды. Бүгінгі таңда қадаларды соғу жұмыстары жүргізілуде.