Ағымдағы жылдың 3 шілдесінде Бұланды аудандық мәслихатының 30-шы кезектен тыс сессиясы өтті, оның барысында аудан мен оның елді мекендерінің тыныс-тіршілігіне қатысты маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібінің негізгі тармағы 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу болды. Сондай-ақ, Макинск қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізілді. Баяндамалармен экономика және қаржы бөлімінің басшысы, Макинск қаласының және ауылдық округтердің әкімдері тыңдалды. Бұл мәселелерді депутаттар тұрақты комиссияның отырысында да егжей-тегжейлі қарады.
Сонымен қатар, аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Сессия жұмысына аудан әкімі, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, аудан әкімінің орынбасарлары қатысты.