Бүгін аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы, сондай-ақ Макинск қаласы мен ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер қаралып, бекітілді.
Аудан бюджетінің атқарылуы туралы аудан әкімі А.Д. Смайылов, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ә.Б. Әбдірахманова сөз сөйледі, депутаттық корпустан аудан әкімінің есебі бойынша экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.Ж. Кенжеғалиев сөз сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар жергілікті жерлерде бюджеттерді пайдалану тиімділігін одан әрі арттыру, іске асырылып жатқан барлық бағдарламалар бойынша 2025 жылы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті. Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау сапасын арттыруға бағытталған шаралар қабылдау, сондай-ақ жергілікті бюджетке түсетін түсімдер жоспарының толық және сапалы орындалуын қамтамасыз ету, кіріс бөлігін толықтыру, салық салынатын базаны кеңейту бойынша жұмыстар жүргізу.
Сессия жұмысына аудан әкімі А.Д. Смайылов, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Ә.Б. Әбдірахманова, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық мәслихат депутаты К.Т. Меңдібаева, құқық қорғау органдарының басшылары, қала және ауылдық округтердің әкімдері, мекемелер мен ұйымдардың басшылары, бөлім басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.