Никольск ауылында аудандық мәслихат төрағасының, аудан әкімінің, аудан прокурорының, аудан әкімінің орынбасарының, ТКШ бөлімі басшысының қатысуымен көшпелі жұмыс кездесуі өтті.
Мердігер ұйымдардың өкілдерімен кездесу аясында үш негізгі жоба қаралды: су құбыры желілерін қайта жаңарту, көше жол желісін орташа жөндеу және Никольск ауылындағы мәдениет үйін салу.
Мердігерлер жұмыстың ағымдағы жағдайы туралы түсініктеме ұсынды, аяқталу мерзімдерін белгіледі және туындаған мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, кездесуге жергілікті қоғамдастық өкілдері қатысты, олар жобаларды сәтті жүзеге асыруға қызығушылық білдірді және объектілерді пайдалануға беру мерзімдері бойынша сұрақтар қойды. Талқылау барысында жұмыстарды жеделдету және жобалардың орындалу сапасын қамтамасыз ету үшін нақты қадамдар белгіленді.