Бүгін партиялық бақылау аясында және шығу кестесіне сәйкес Бұланды ауданы Амангелді ауылдық округінің Партизанка ауылына жұмыс сапары өтті. Сапарға Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Мендыбаева К.Т., аудандық мәслихат төрағасы Сексенов Н.Б., «AMANAT» партиясының аумақтық филиалының төрағасы Хожабай Р.Т. және 11 сайлау округінің аудандық мәслихат депутаты Жампеисов Б.Т. қатысты.
Сапар барысында Партизанка ауылындағы су құбыры желілері мен фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) құрылысы тексерілді. Мердігер ұйымдармен құрылыс жұмыстарының мерзімдері, нысандарды пайдалануға беру жоспары, сондай-ақ жұмыс барысына әсер ететін проблемалық мәселелер талқыланды. Мердігерлердің белгіленген мерзімде жұмыс істеп жатқандығына және артта қалушылықты жою үшін қандай шаралар қолданылатынына ерекше назар аударылады.