Баршаңызды шын жүректен келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Баршаңызды шын жүректен келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіздер.

Жаңа жыл - қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен ізгі армандар ұялататын ерекше мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен аттағанды қалайды.

         Өткен жыл еліміз үшін, оның ішінде біздің құт дарыған ауданымыз үшін де шын мәнінде бірлік пен берекенің, ел тілегі жүзеге асқан бірқатар жобалардың орындалуымен табысты жыл болды.

         Халқымызда «Ескi жыл есiркесiн, жаңа жыл жарылқасын» деген сөз бар. Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер 2023 жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк.

Ардақты ағайын!

         Келер жыл өмірімізді мәнді оқиғаларға, татулық пен жасампаздыққа толтырғай!

         Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін.

         Әрбір шаңыраққа молшылық пен ізгілік, денсаулық пен бақыт әкелсін!

         Елiмiз тыныш, ынтымағымыз мәңгi, болашағымыз баянды болсын!

 

Біржан сал ауданы мәслихатының хатшысы  С.Шәуенов