Ағымдағы жылдың 29 мамырында аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында «Біржан сал ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2024 жылғы жылдық есепті бекіту туралы» және «Біржан сал ауданының Степняк қаласы, ауылдық округтері мен ауылдары бюджеттерінің атқарылуы туралы 2024 жылғы жылдық есепті бекіту туралы» мәселелер қаралды.
Сессия жұмысына аудан әкімі Б.Қ.Қасенов, Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Ш. Тақамбаев, Біржан сал ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Н.К. Шуленбеков, Қоғамдық кеңестің мөшелері, Степняк қаласының, ауылдық округтер мен ауылдардың әкімдері, аудандық бөлімдердің, мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты.
Аталған мәселелер бойынша аудан әкімі Б.Қ. Қасенов және Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Ш. Тақамбаев баяндама жасады.
Бюджеттің атқарылуы туралы есеп бойынша аудандық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Л.С. Мошечкова қорытынды жасады.
Сонымен қатар, сессияда тиісті шешімдер қабылданған басқа да мәселелер қаралды