Аудан облыстың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, ауданы 11000 шаршы км. облыс орталығына дейінгі қашықтық – 120 км, Қазақстанның елордасы – Нұр - Сұлтан қаласына дейін – 250 км.
Аудан солтүстігі Ақжар, шығысы Уәлихан, батысы Бурабай және оңтүстігі Бұланды аудандарымен шектеледі.
Аудан тұрғындары – 13,5 мың адам, соның ішінде: қалалықтар - 4 мың адам, ауылдықтар - 13 мың адам. Тұрғындардың тығыздығы (1 кв. км бір адам) - 1,7 адам. Этностық құрамы (%): қазақтар - 64%, орыстар - 24,9%, өзге ұлттар - 11,1%.
Аудан бойынша барлығы 15 әкімшілік-аумақтық бірлік, оның ішінде: аудандық маңызы бар қала, 10 ауылдық округ, 4 ауыл. Барлығы- 35 елді мекен, оның ішінде: аудандық маңызы бар қала мен 34 ауыл.
Еңбекшілдер ауданы Қызыл - Жар округінің Казгородок кентіндегі орталығымен 1928 жылы 17 қаңтарда құрылды. 1944 жылы 15 наурызда аудан орталығы Степняк қаласына ауыстырылды, ол 1938 жылы құрылған еді.
Қазақстан астанасының ауысуына және бірқатар облыстар мен аудандардың аумақтық шекараларының өзгеруіне байланысты, 1997 жылдың мамыр айынан Еңбекшілдер ауданын Солтүстік-Қазақстан облысының құрамына енгізеді. Уәлихан ауданының бірқатар тұрғылықты пунктерінің қосылуына байланысты аудан аумағы ұлғаяды.
Ақмола облысының Көкшетау қаласы орталығымен құрылуы ауданның аумақтық бағынуының өзгеруіне әсерін тигізді де, 1999 жылғы 8 сәуірде Еңбекшілдер ауданы Ақмола облысының құрамына енеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы Жарлығымен Еңбекшілдер ауданы Біржан сал ауданы болып қайта аталды.
Ауданның жергілікті өкілетті органы құрылуы кезінде түрлі өзгерістерге ұшырады, тіпті таратылды да. 1990 жылы Энбекшілдер аудандық халық депутаттарының Кеңесі құрылып, 1993 жылы 3 қарашада таратылды.
«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті органдару туралы» Заң қабылданған соң 1994 жылы наурыз айында 14 сайлау округі бойынша депутаттар сайлауы өткізілді, өкілетті органның жаңа түрі қалыптастырылды: Мәслихат - депутаттар жиналысы. 31 наурызда мәслихаттың бірінші сессиясы шақырылды, онда құрылымдық бөлімшелер анықталды, тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар сайланды.
Үш жылдан соң, еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымына өзгерістер енгізіліп, Уәлихан ауданы тартылғанда, мәслихатқа тағы 7 округтің өкілдері қосылды, депутаттық корпус құрамында 21 адамы бар жұмысын 1999 жылдың 29 қазанға дейін атқара берді.
Содан соң округтер ұлғайтылды және мәслихатқа осы жылы 12 депутат сайланды. Осы сандық құрам бүгінгі күні де сақталуда.
2012 жылы сайланған бесінші шақырылған Еңбекшілдер аудандық мәслихатының депутаттары арасында 10- ер және 2 - әйел адамдар. Жас шамалары: 45 жасқа дейінгілер - 3 депутат, 55 жасқа дейінгілер - 6, 60 жасқа дейінгілер - 2, 65 жасқа дейінгілер - 1 депутат. Ұлттық құрам бойынша: 10 - қазақ, 1 - орыс, 1 - чуваш. Білімдері бойынша: 9 - жоғары, 2- арнайы орта, 1 - орта білімді. Оның 5 - мұғалім, 2 - инженер, 1 - агроном, 1 - мал дәрігері және екеуі өзге мамандықтар. Барлық сайланған депутаттар «Нұр Отан» ХДП-нан ұсынылған.
2021 жылғы 10 қаңтарда жаңа сайлау моделі, партиялық тізімдер бойынша жетінші шақырылған аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Заңнамадағы өзгерістерге байланысты аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау округтері таратылды. Үш саяси партия аудандық мәслихатта 9 орынға өз өкілдерін ұсынды, сайлау қорытындысы бойынша 9 орынға "Nur Otan" партиясы, 1 орынға «Ауыл» партиясы ие болды.
Жетінші шақырылған аудандық мәслихаттың депутаттары 7 ер адам және 3 әйел адам. Алдыңғы шақырылымнан тағы да 4 адам сайланды.
Сессияның қарауына енгізілетін мәселелерді алдын-ала қарау үшін, мәслихат шешімдерінің жүзеге асуына жәрдемдесу және бақылау функцияларын қамтамасыз ету мақсатымен, мәслихатта екі тұрақты комиссия құрылды: «Бюджет және экономикалық даму мәселелері бойынша», құрамында - 5 депутат, «Депутаттық өкілеттік, депутаттық этика және әлеуметтік даму мәселелері бойынша», құрамында - 4 депутат.