Құрметті жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен құттықтаймын!
Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты тәрбиелеген барша аналарға ерекше алғыс білдіремін!
Құрметті Отан қорғаушылар, сіздерге батылдық, қайсарлық және ер мінезділік тілеймін! Ең батыл жоспарларыңыз бен идеяларыңыз орындала берсін! Сіздерге табыс, амандық, бақыт пен денсаулық тілеймін!
Аудан мәслихатының төрайымы А. Айтпаева