
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елордамыз – Тәуелсіз Қазақстанның жарқын жетістіктерінің айқын көрінісі, еліміздің саяси, экономикалық және мәдени орталығы.
Бүгінгі таңда Астана – заманауи сәулетімен, қарқынды дамуымен және
халықаралық беделімен әлемге танылған әсем қала. Ол – бірліктің, бейбітшіліктің және болашаққа деген сенімнің символы.
Осы мерекелік күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Еліміз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі, Астанамыз әрдайым гүлдене берсін!
Аудан мәслихатының төрағасы Б. Ахметов