
Бүгін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, сессия барысында мәслихаттың бұрын қабылданған шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Сессияда депутаттар:
▪️ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссиясының құрамына;
▪️ аудан әкімдігі жанындағы эвакоқабылдау комиссиясының құрамына;
▪️ Бейімбет Майлин ауданы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының құрамына;
▪️ округтік сайлау комиссияларының құрамына;
▪️ учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселелерін қарап, қолдады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Мәслихат жұмысы мемлекеттік органдар қызметінің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, азаматтық қорғау жүйесін жетілдіруге және ауданның сайлау комиссияларының тиімді жұмысын ұйымдастыруға бағытталған.