Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары!  Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары!

 

Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

9 Мамыр – ерлік пен батырлықтың, қайсарлық пен елге деген сүйіспеншіліктің айқын көрінісі болған қасиетті мереке. Бұл күні біз сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін жанын қиған боздақтарды, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің теңдессіз ерлігін зор құрметпен еске аламыз.

Ұлы Жеңіс – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын тарихи мұра. Батырларымыздың ерлігі мен еңбегі – бүгінгі бейбіт өмірдің негізі. Олардың жарқын жолы жас ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала береді.

Баршаңызға зор денсаулық, амандық, бақ-береке, бейбіт өмір мен татулық тілеймін. Еліміз тыныш, көк аспанымыз ашық болсын!

 

Аудан мәслихатының төрағасы                             Б. Ахметов