1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

Құрметті аудан тұрғындары!

Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл жарқын мереке – еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің, достық пен өзара сыйластықтың символы. Халық бірлігі әрқашан тұрақтылықтың, өркендеудің және тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағының берік негізі болып қала береді.
Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ынтымақ пен шаттық тілеймін. Ауданымыздың мерейі үстем болып, бірлігіміз нығая берсін!

Аудан мәслихатының төрағасы               Б. Ахметов