Бүгін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтіп, оның барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарап, бекітті.

Отырыста келесі мәселелер талқыланды:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 218 «Бейімбет Майлин ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы – аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ересько Валентина Павловна.
  2. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Баяндамашы – аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ересько Валентина Павловна.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 6 қарашадағы № 46 «Әлеуметтік көмекті көрсету қағидаларын, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Баяндамашы – аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Есмағамбетов Аманжол Бауржанович.

Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары бюджет көрсеткіштерін өзектендіруге, ауданның даму жоспарының параметрлерін нақтылауға, сондай-ақ халыққа әлеуметтік көмек көрсету тетіктерін жетілдіруге бағытталған тиісті шешімдер қабылдады.

Кезектен тыс сессия іскерлік әрі сындарлы жағдайда өтті.