
Бүгін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, аудан мәслихатының кезектен тыс сессиясына шығарылатын мәселелер қаралды.
Күн тәртібі аясында депутаттар 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу, Бейімбет Майлин ауданының 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарына түзетулер енгізу, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, оның мөлшерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға қатысты өзгерістерді талқылады.
Сондай-ақ депутаттар қысқы кезеңде коммуналдық қызметтердің сапасы мен 2026 жылдың I тоқсанындағы жылыту маусымының қорытындыларын қарады. Талқылау нәтижесінде аудан әкімдігі мен «Тобыл» КМК-не тиісті ұсынымдар берілді.
Бұдан бөлек, Бейімбет Майлин ауданындағы волонтерлік қозғалысты дамыту мәселесі қаралды. Жастарды еріктілік қызметке тартуды одан әрі күшейту, волонтерлік бастамаларды қолдау және волонтерлікті насихаттау бойынша ақпараттық жұмысты кеңейту маңыздылығы атап өтілді.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.