Бүгін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Бүгін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Бүгін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Сессия барысында күн тәртібіндегі негізгі мәселелер қаралды: аудан мәслихаты төрағасының және тұрақты комиссиялар төрағаларының 2025 жыл бойынша есептері тыңдалды. Сондай-ақ аудан әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия аяқталғаннан кейін республикалық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлесі үшін аудан мәслихаты депутаттарына Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті.

Депутаттарды құттықтаймыз! Аудан тұрғындарының игілігі үшін зор денсаулық, табыс және одан әрі жемісті жұмыс тілейміз!