
2026 жылғы 3 наурызда Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті.
Отырыс барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген мәселелерді қарады. Бірінші мәселе 2026 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ кент және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешімнің жобасын қарады. Қабылданған шешім ауылдық жерлерде білікті кадрларды тартуға және бекітуге бағытталған. Екінші мәселе кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға өзгерістер енгізілді, сондай-ақ мәслихаттың учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы шешіміне өзгерістер қаралды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.