Сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізу туралы Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының хабарламасы
№724 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің өз міндеттерінен босатылуына байланысты.
Саяси партияларға, өзге де қоғамдық бірлестіктерге, олардың құрылымдық бөлімшелеріне және жоғары тұрған сайлау комиссиясымен 2026 жылдың 27 ақпаны сағат 18.30-ға дейін, шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны ұсыну ұсынылады.
Мәслихатқа келесі құжаттарды ұсыну:
1) электрондық және қағаз форматтағы, бағдарламалық қамту арқылы құралған, белгіленген нысаны бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы мәлімет;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) сәйкес сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияның жұмысына қатысуына келісім туралы кандидаттың арызы.
Құжаттар келесі мекенжай бойынша ұсынылсын: Әйет ауылы Тәуелсіздік көшесі, 60, № 53 кабинет. Анықтамалар үшін телефондар: 3-72-29; 4-90-31.
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты