
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді жарқын да мейірімге толы Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке адамдардың жүрегіне сенім, үміт пен сүйіспеншілік ұялатып, мейірімділік, өзара түсіністік пен сыйластық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді. Рождество — бейбітшілік пен келісімнің, игі істер мен ізгі ниеттің маңызын еске салатын ерекше күн.
Әр шаңыраққа береке мен шаттық, отбасыларыңызға татулық пен амандық тілеймін. Сіздерге зор денсаулық, бақыт, рухани тыныштық және жарқын болашаққа сенім серік болсын.
Рождество мерекесі құтты болсын!
Аудан мәслихатының төрағасы Б. Ахметов