
Бүгін Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Тобыл кентінің және ауданның ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша Тобыл кенті әкімінің орынбасары және ауылдық округ әкімдері баяндама жасады. Талқылау қорытындысы бойынша аудан мәслихатының депутаттары Тобыл кентінің және Бейімбет Майлин ауданының ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерін бекітті. Қабылданған шешім аумақтардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.