Құрметті пошта байланысы қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Дүниежүзілік пошта күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Пошта – адамдар арасындағы байланысты нығайтып, ел мен елді, қала мен ауылды жалғап тұрған аса маңызды саланың бірі. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында уақытылы хабар алмасу, маңызды құжаттар мен сәлемдемелерді жеткізу жүзеге асып келеді.
Сіздерге мықты денсаулық, отбасы амандығын және табысты қызмет тілеймін! Халыққа адал қызмет етіп, абырой биігінен көріне беріңіздер!
Аудан мәслихатының төрайымы А. Айтпаева