Құрметті есепшілер!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Бухгалтерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздердің еңбектеріңіз – мекемелер мен кәсіпорындардың тұрақты дамуының негізі. Жауапкершіліктеріңіз бен мұқияттылықтарыңыз, кәсіби біліктіліктеріңіз қаржылық тәртіп пен есептіліктің айқындығын қамтамасыз етеді.
Сіздерге зор денсаулық, береке-бірлік, кәсіби табыс және отбасылық бақыт тілеймін! Еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағалансын, өмірлеріңізде тұрақтылық пен сенімділік серік болсын.
Аудан мәслихатының төрайымы А. Айтпаева