Құрметті ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, сонымен қатар жас ұрпақтың бойына адамгершілік пен отаншылдықты сіңіретін, өмірлік бағыт-бағдар беретін тұлға. Сіздердің өлшеусіз еңбектеріңіздің арқасында еліміздің болашағы – жас буын білім алып, тәрбиеленуде.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық, шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметін тілеймін! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Аудан мәслихатының төрайымы А. Айтпаева