Сіздерді ұлттық рухымызды ұлықтайтын — Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Домбыра – халқымыздың тарихын, салт-дәстүрін, жан дүниесін бейнелейтін қастерлі мұра. Оның күмбірлеген үні — бабалар үні, елдің аманаты. Бұл мереке — қазақтың бай мәдениеті мен рухани әлемін дәріптейтін маңызды күн.
Бүгінгі ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, домбыраны дәріптеу – бәріміздің ортақ парызымыз. Өнер мен мәдениетіміздің алтын діңгегі болған аспаптың қадір-қасиетін арттырайық!
Баршаңызға амандық, отбасыларыңызға береке, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Аудан мәслихатының төрайымы А. Айтпаева