Сіздерді мемлекетіміздің мақтанышы – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Астана – тәуелсіздігіміздің тұмары, халқымыздың жарқын болашағына деген сенімінің айғағы.
Елорда – заманауи Қазақстанның табысты даму жолын паш ететін, бейбітшілік пен тұрақтылықтың символына айналған қала. Ол — барлық қазақстандықтар үшін мақтаныш, бірлік пен жасампаздықтың нышаны.
Осы айтулы мерекеде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге тыныштық пен өсіп-өркендеу тілеймін!
Аудан мәслихатының төрайымы А. Айтпаева