Сайлау учаскелерінің учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін өз міндеттерінен босатылуына байланысты №722, №723, №727.
Саяси партияларға, өзге де қоғамдық бірлестіктерге, олардың құрылымдық бөлімшелеріне және жоғары тұрған сайлау комиссиясымен 2025 жылдың 21 шілдесі сағат 18.30-ға дейін, шығып қалған комиссия мүшесінің орнына сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны ұсыну ұсынылады.
Мәслихатқа келесі құжаттарды ұсыну:
1) электрондық және қағаз форматтағы, бағдарламалық қамту арқылы құралған, белгіленген нысаны бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатура туралы мәлімет;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) сәйкес сайлау комиссиясының құрамына кандидатураны ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияның жұмысына қатысуына келісім туралы кандидаттың арызы.
Құжаттар келесі мекенжай бойынша ұсынылсын: Әйет ауылы Тәуелсіздік көшесі, 60, № 53 кабинет. Анықтамалар үшін телефондар: 3-72-29; 4-90-31.
Бейімбет Майлин ауданының мәслихаты