Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Құрметті ішкі істер органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз – қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жолындағы қажырлы қызмет. Ел тыныштығы мен заң үстемдігі Сіздердің табанды еңбектеріңіздің нәтижесі.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, әрдайым бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін! Қызметтеріңізге табыс, ел алдындағы абыройларыңыз арта берсін!

Аудан мәслихатының төрайымы                                               А. Айтпаева