Құрметті аудан тұрғындары! Қымбатты балалар!
Сіздерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – балаларға деген сүйіспеншілік пен қамқорлықтың айқын көрінісі. Балалар – еліміздің болашағы, ауданымыздың үміті мен мақтанышы. Олардың бақытты әрі қауіпсіз өмір сүруі – әрбір ересектің басты міндеті.
Біз ауданымызда әр баланың алаңсыз өсіп, білім алып, шығармашылықпен айналысуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз. Балалардың күлкісі әр шаңырақта естіліп, олар махаббат пен мейірімге бөленіп өссін!
Барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, қуаныш пен сәттілік, ал ата-аналар мен ұстаздарға шыдамдылық пен шабыт тілеймін!
Аудан мәслихатының төрайымы А. Айтпаева