1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады

🔹Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылы Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу өтеді.

🔹Іріктеуге өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 маусымнан бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Құжаттар 30 маусымға дейін қабылданады.

🔹Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, В1 деңгейінен төмен емес сертификаты бар мемлекеттік тілді меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.

🔹Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

✅Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;

✅Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;

✅Экономикалық және қаржылық саясат;

✅Цифрландыру;

✅Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;

✅Сыртқы саясат және инвестициялар.

толығырақ видеода